Есениннің монологы – Аманқос Ершуов

Бұл бетте «Есениннің монологы» атты Аманқос Ершуов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1013
Мен осы шынымен шатпын ба?
Табылар өзімдік шертер мұң.
Теңіздің түбіне баттым да,
Найзағай отына өртендім.

Түспесең өмірдің тезіне,
Несіне жігіт боп туасың?
Талтүсте адасқан кезіме,
Достарым, өздерің куәсің.

Жанымның тарқамас құмары,
Қайдасың, сайрауық бұлбұлдар?
Досыңды түсінбей жүр әлі,
Мұндағы өсекші құрғырлар.

Тиді ауыр барлығы төзімге,
Адасып қалдым ба еріктен.
Бейтаныс сұлудың көзінде,
Жас тұрды неліктен, неліктен?

Жалынын жан-жаққа таратқан,
Жаныма қалайша қыс кірген.
Өшімді алардай шараптан
Тағы да іштім мен...

Әлгі қыз жас төгіп тұр әлі,
Жанына бір сөзім батып-ақ.
Мен шығар оған да кінәлі,
Мен шығар ақымақ.

Білмеймін, не болды, осымен,
Өтті ғой зымырап қысқа күн.
Қастастым аяулы досыммен,
Дос болды күлегеш дұшпаным.

Бейшара жүректі тулатып,
Қайтемін күншілдер өсегін.
Орыстың орманын шулатып,
Ортаңа оралар Есенин!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есениннің монологы өлеңінің авторы кім?

Аманқос Ершуов — осы өлеңнің авторы.

Есениннің монологы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есениннің монологы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Аманқос Ершуов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есениннің монологы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері