Елегізу – Айжарық Абылқасымов

Бұл бетте «Елегізу» атты Айжарық Абылқасымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1386
Қалдырып жылды, қалдырып айды,
Өтеді күндер көңілсіз.
Өлтіріп гүлді, талдырып ойды,
Жетеді түндер өзіңсіз.

Көңілді басып, өмірді шашып,
Уақыт шіркін заулайды.
Жанымды қарып, жапырақ жанып,
Қай-қайдағы лаулайды.

Үлкейіп мүлде, еңкейіп түн де,
Ұлғайып тұрған үрейлі.
Уайым тілде, менімен бірге,
Тыныштық қана тілейді.

Отырдым дағы, атырдым тағы
Бір таңды жүрек дүрсілдеп.
Есігімді ашып, шақырдым тағы,
Итімді жақын жүрсін деп.

Өлеңім сені, келемін сені,
Өзімнен әсте қалдырмай.
Қанады шөлі, болады шегі,
Қалар ма есте, ойпырым-ай?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елегізу өлеңінің авторы кім?

Айжарық Абылқасымов — осы өлеңнің авторы.

Елегізу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елегізу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айжарық Абылқасымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елегізу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері