Жылдарды жүйрік тұра алмай қойдым мен бөгеп – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Жылдарды жүйрік тұра алмай қойдым мен бөгеп» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.01.2022
  • 0
  • 0
  • 777
Жылдарды жүйрік тұра алмай қойдым мен бөгеп,
Сүйеп кел мені, келетін болсаң, кел, демеп.
Ішінен бұлттың лайнердің даусын естісем,
Қараймын көкке, жете алмай қалған сен бе деп.
Аппақ гүл шашып, жұпарын төкті бақта өрік,
Жайнасын дүние, жаныма шырақ жақ келіп.
Жете алмай жатсаң, артынан өзің келерсің,
Жүректің маған жартысын жібер қақ бөліп.
Жартысын жібер жүректің, бөлмес не қалды,
Бөлеміз сосын аспанды, айды, көгалды.
Сағынтқан сонау жылдармен бірге ілесіп,
Жадырай күліп жастығым қайда жоғалды?
Қалмады дүние өзінің неге түсінде,
Әніміз біздің айналып кетті құс үнге.
Өзімді көрдім жете алмай қойған ұмсынып,
Қол созып тұрған мен сені көрдім түсімде.
Аққулар ұшты мамығы жібек бұрқырап,
Іздедім сені жанымның даусы шырқырап.
Жүректің нәзік жарақат алған тұсы көп,
Таңып кет оны, жейдеңнің жеңін жыртып ап.
Айта да берсең, армандар сонша көп, тегі,
Ел ұққан даусым өзіңе ғана жетпеді.
Басқаны қойшы, жанымда тұрып өзің-ақ,
Жаралап кеттің, басқа бір амал жоқ па еді?
Жаралап кеттің, ем іздеп қалдым талықсып,
Алып шық мені, осынау күйден алып шық.
Жәутеңдеп бізге нәресте көзбен қарайды,
Гүл біткен тегіс қауыздан мөлдір тамып шық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылдарды жүйрік тұра алмай қойдым мен бөгеп өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Жылдарды жүйрік тұра алмай қойдым мен бөгеп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылдарды жүйрік тұра алмай қойдым мен бөгеп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылдарды жүйрік тұра алмай қойдым мен бөгеп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері