Биіктік

Бұл бетте «Биіктік» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1348
Балықтың елге мәлім, су да бары.
Ауға түссе басылар тулағаны.
Әйелдің торы мықты, басыларсың,
Ұнайды, үйде бала шулағаны.
Жүрегім неге нәзік, неге менің.
Атасының баласын егеледім.
Бір Алладан сұраймын, өмір берші,
Бәтеңкесін байлайтын немеренің.
Тілек айтсам, шөберем сүйіп тұрып.
О жарандар,
Бір күндік, күйікті ұмыт.
Өмірден өтсем екен, тілегім сол,
Ар менен намысымнан, биік тұрып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Биіктік өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Биіктік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Биіктік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Биіктік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері