Әкеме – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Әкеме» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2669
Айналайын жан әке,
Арайлап атқан таң әке.
Асқар таудай панамыз,
Ақылшымыз – данамыз.
Сен болсаң, әке, біз бармыз –
Ұлдармыз, ерке қыздармыз.
Жасай бер, әке, мәңгілік,
Жырлаймыз әсем ән қылып.
* * *
Әке – менің жалынды жүрегімсің,
Әке – менің Тәңәрім, тірегімсің.
Әке, менің асқарлы тауым болып,
Жүзге дейін жайраңдап жүре білші!
* * *
Сенен асыл жан бар ма, қайран әке,
Құлыным деп, құшағын жайған әке.
Өзіңменен өмірім өнегелі,
Өзіңменен өмірім сайран, әке.
Жүзге дейін бізбенен жүре берші,
Жүре берші жадырап жайраң, әке!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкеме өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Әкеме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкеме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әкеме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері