Балалық шақтан бір елес – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Балалық шақтан бір елес» атты Жарылқасын Аманұлы жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Балалық шақтан бір елес
Көктемде, сонау көктемде,
Көлбеңдеп жатқан көк белге.
Көгілдір тартқан бөктерге,
Бөктерлеп бөкен желіспен,
Ары да бері өткенге.
Шексіз де сапар шеккенге,
Қараушы едім құмартып.
Жанарым жасқа мұнартып,
Жүрекке зілсіз мұң артып,
Жапанда жортқан бұл кім деп,
Соңынан шаңын шұбалтып?
Оттарға алыс жанатын,
Жетуге болмай қанатым.
Таусылып төзім, тағатым,
Кеш сайын шығып далаға,
Қараумен көзім талатын.
Мейман жоқ үйге қонатын,
Соғыстың кезі болатын.
Жайлауға еткен иелік,
Жапанда жалғыз үй едік.
Түнекке қарап түк көрмей,
Тізеге иек сүйедік.
Сағыныш жанын меңдеген,
Бейтаныс басқа елменен.
Алқалы топты көрмеген,
Беске де жасы келмеген.
Артынан қара ермеген,
Өзінен басқа баланың
Барына онда сенбеген.
Тылсымды қиял тербеген,
Шыбық ем жалғыз мен деген.
Сарыла қарап шексізге,
Келетін кім деп шөлдегем?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балалық шақтан бір елес өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Балалық шақтан бір елес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балалық шақтан бір елес өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Балалық шақтан бір елес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері