Көзімнен ұшып кетсең де

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Көзімнен ұшып кетсең де,
Көңіліме маза бермедің.
Ақ жауын болып төксем де,
Атырау болып шөлдедім.
Айқаспай кірпік таң атып,
Аңсаумен сені батты күн.
Қарайған жанды қарайтып,
Қай жерде жүрсің шаттығым?
Бұлақ боп кезіп тауларды,
Құрақ боп өстім жағада.
Сені іздеп шарлап бауларда,
Жар салдым жапан далада.
Іздедім сені кілең мен,
Үркітіп үміт құстарын.
Базарсыз бақтай түнерген,
Сайрамай сандуғаштарым.
Сапарлас болып сағыммен,
Сан астым сары белдерден.
Сусындап жаңбыр қағымен,
Із кестім шықсыз шөлдермен.
Еш жерден сені таба алмай,
Үзіліп сапар, саздарым.
Жапанда жалғыз маралдай,
Мерт болып кете жаздадым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көзімнен ұшып кетсең де өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Көзімнен ұшып кетсең де өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көзімнен ұшып кетсең де өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көзімнен ұшып кетсең де өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері