Жаз бен қыз – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Жаз бен қыз» атты Шәмшия Жұбатова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 923
Жасыл көйлегі желбіреп,
Қарақат көзі мөлдіреп,
Көбелек қуып барады
Сағымдай болып көлбіреп.
Көбелек қолға қонады,
Қанатында бар жолағы.
Қумаса сол қыз көбелек,
Жаз қалай қызық болады?
Шашынан түсіп тарағы,
Жүгіріп сол қыз барады.
Күлімдеп аспан төбеден
Жап-жасыл жаз боп қарады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаз бен қыз өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Жаз бен қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаз бен қыз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаз бен қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері