Алыстарға апар мені, ақ үміт – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Алыстарға апар мені, ақ үміт» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 903
Алыстарға апар мені, ақ үміт,
Сыңар бұлттың қанатына таңылып.
Шашын жайып қара түндер келгенде,
Жалғыздықтың жырын жаздым жабығып.
Кірпігімді қағып қалсам, таң саулар,
Әрбір таңның жүрегінде шаршау хал.
Шарасыздық теңіз болып теңселіп,
Дөңбекшіген толқындарда аңсау бар.
Теңіз едім, қайтсам ба екен кері мен,
Не болды енді, шалқуға да ерінем.
Толқындарым бу боп ұшып барады
Тұман басқан топастықтың жерінен.
Толқындарым бу боп ұшып барады,
Қан-қан болған ағыстары жаралы.
Тереңіме үңілмей-ақ қой менің,
Дүмпулері жүрегіңді жарады.
Тереңіме үңілмей-ақ қой менің,
Шымырлаған үнсіздік боп сөйледім.
Қызғаныштар от тұтатты қып-қызыл,
Үстімдегі жанып жатыр көйлегім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алыстарға апар мені, ақ үміт өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Алыстарға апар мені, ақ үміт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алыстарға апар мені, ақ үміт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алыстарға апар мені, ақ үміт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері