Ескі елес – Ертай Ашықбаев

Бұл бетте «Ескі елес» атты Ертай Ашықбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1697
Мен деген — үнсіз ғаламмын,
Қоштасқам дүрмектеріммен.
О, не деп тұрсыз маған, Мұң,
Не істеуге міндетті едім мен?

Тоқтадым ескі өлеңіме,
Білмеймін, қанша аялдаймын?!
Сүймеймін ештеңені де,
Әрнені аңсай алмаймын.

Мен деген — көктем емеспін,
Сөйлейтін асқақ үнменен.
Мен — зулап өткен елеспін,
Елеспін басқа мүлде мен.

Жүрмеймін күліп құрбыммен,
Мен — егде құрметті елеспін.
Күюді ұмыттым мүлдем,
Сүюге міндетті емеспін.

Жоғалды сәруар елес,
Күз келді.
Келеді мұз-қар.
Ол менің шаруам емес,
О, менде нелеріңіз бар?.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ескі елес өлеңінің авторы кім?

Ертай Ашықбаев — осы өлеңнің авторы.

Ескі елес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ескі елес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ертай Ашықбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ескі елес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері