Ғажайып

Бұл бетте «Ғажайып» атты Әли Ысқабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4570
Өмірде көп-ақ қой ғажайып,
Қалмайтын ешқашан азайып.
Ал, қане, саусақпен санайық,
Дәптерге мәнерлеп жазайық:

Атамның ән-күйі ғажайып,
Әжемнің ән-күйі ғажайып.
Апамның мейірі ғажайып,
Әкемнің пейілі ғажайып.

Әкемнің ақылы ғажайып,
Ағамның нақылы ғажайып.
Сіңлімнің ізеті ғажайып,
Інімнің ниеті ғажайып.

Бөпемнің күлгені ғажайып,
Бәрін де білгенім ғажайып.
Бөлмеген іргені ғажайып,
Үлгі алып жүргенім ғажайып.

Осындай жақсы әдет ғажайып,
Қалмасын ешқашан азайып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғажайып өлеңінің авторы кім?

Әли Ысқабаев — осы өлеңнің авторы.

Ғажайып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғажайып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әли Ысқабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғажайып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері