Менің ұйқым – Ертай Ашықбаев

Бұл бетте «Менің ұйқым» атты Ертай Ашықбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тыныш дала,
үй,
бәрі,
Мен —
алаңсыз күшті ермін.
Менің ұйқым —
жинағы
түрлі-түрлі түстердің.
Мәз боламын,
күлемін,
Жоқ реніш,
өкпе де.
Желден озып жүремін,
Көтерілем көкке де.
Сосын жерге қонамын,
Кезігеді бар таныс.
Қобыланды боламын,
Болып жүрем Алпамыс.
Сауытымды шешемін,
Балпаң-балпаң басамын.
Көк теңізді кешемін,
Көп таулардан асамын.
Қыран болып шүйілем,
Торғай болып сайраймын.
Түс көремін жиі мен,
Жадыраймын,
жайнаймын.
Гүл боп өсем еркелеп,
Күннің нұрын жинаймын.
...Оянар ем ертерек,
Түстерімді қимаймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің ұйқым өлеңінің авторы кім?

Ертай Ашықбаев — осы өлеңнің авторы.

Менің ұйқым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің ұйқым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ертай Ашықбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің ұйқым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері