Сағат
Бұл бетте «Сағат» атты Ертай Ашықбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 28.09.2024
- 0
- 0
- 1224
Жинап жұмсақ қанатын,
Кетіп қапты қара түн.
Шырт ұйқыны бұзды енді
Шырылдауық сағатым.
Ерте оянып алатын,
О, мазасыз сағатым!
Темір тілің тозды ма,
Таусылды ма тағатың?
Мектебің жоқ баратын,
Бестігің жоқ алатын.
...Оянасың неге ерте,
О, сағатым, сағатым?!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі