Тізбегі құстың ғажап ұшқанда – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Тізбегі құстың ғажап ұшқанда» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 735
Тізбегі құстың ғажап ұшқанда,
Жетеді сыңсып сазы алыстан да.
Көмкеріп бидай кең дала төсін,
Қараша келді Қазақстанға.
Қараша келді, қараша келді,
Сары түк басты аласа белді.
Қозы-лақ тойып, секіріп көкке,
Енесін еміп таласа берді.
Алтын түске еніп қарады аймақ,
Бұрқылдап сыртта самауыр қайнап.
Симфония айтты оркестр тілі,
Серпіліп қала, дала бір жайнап.
Қызықпен жүрміз келте етіп түнді,
Елең қылмастан кем-кетік мұңды.
Сырнай сазына үн қосып едім,
Қамыстың басы селт етіп тынды.
Көз жасын жаңбыр төксе түлеген,
Құшағын жайды көкшатыр емен.
Жапырақ ұшты, құс ғайып болды,
Осынау байтақ Қазақстанда
Қараша ғана өкше тіреген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тізбегі құстың ғажап ұшқанда өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Тізбегі құстың ғажап ұшқанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тізбегі құстың ғажап ұшқанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тізбегі құстың ғажап ұшқанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері