Үлбіреген ақ жейде киіп алып бар тоғай – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Үлбіреген ақ жейде киіп алып бар тоғай» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 809
Үлбіреген ақ жейде киіп алып бар тоғай,
Қиялдарға ғажайып беріледі әрқалай.
Қозғап едім бұтақты, сыңғыр етіп үн шықты,
Неткен сұлу төңірек, неткен сұлу қаңтар ай!
Сайрап тұрған әнші құс, қарасам да қай жағым,
Жарқылдайды сүңгілер ұшындай боп найзаның.
Құлдилайық екеуміз тау басынан шаңғымен,
Ұшқан құстай көктегі қанатыңды жай, жаным.
Күн астында керіліп жатып-жатып тыныш бір,
Жүрек құсап оқыстан бұлқынады күміс қыр.
Тал бойында оты ойнап жалыны мол жастықтың,
Қыз-қыз қайнап ойыңда қызуы мол жұмыс тұр.
Шың басынан үн қатсаң жаңғырығы ілескен,
Жаңғырықтың соңынан бір сәулелі мұң ескен.
Тарқамайтын жарқылы, думан толы әр күні
Шығар ма екен, шіркін-ай, қаңтар айдың күні естен.
Қызғыш нәзік нұр төгіп көкжиегім тұр алыс,
Көкжиекке жетелеп апар дейді бұла күш.
Қос ат жеккен шанамен көз ұшында зуылдап,
Көрген түстей жоқ болып кетпесе етті мына қыс.
Кең өлкеде жадырап ертегідей қысым тұр,
Тоңдырмайтын қаңтарға бойымда ыстық күшім тұр.
Жауған қардың ішінде ағараңдап аң мен құс,
Мұздан ойып жасалған небір ғажап мүсін тұр.
Өшпейтұғын көңілден қызығы да бар талай,
Неткен сұлу төңірек, неткен сұлу қаңтар ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үлбіреген ақ жейде киіп алып бар тоғай өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Үлбіреген ақ жейде киіп алып бар тоғай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үлбіреген ақ жейде киіп алып бар тоғай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үлбіреген ақ жейде киіп алып бар тоғай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері