Елемей қарашаның қарсылығын – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Елемей қарашаның қарсылығын» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 831
Елемей қарашаның қарсылығын,
Сен менің тамызым боп қалшы, күнім.
Күзгі бақ түкпірінде қалып қойған
Күндерді жапырақтан аршы бүгін.
Кезім-ай, өзіңді ойлап өксімеген,
Тастаған мұңдарымды ескі деген.
Сап-сары гүлдер құсап тауда терген
Күндері қыркүйектің көшті менен.
Ай өтті бұрқыратып жалбызын ап,
Тамызым жүрегімде қалды жылап.
Өкініш бара жатыр өксіп алып,
Уақытқа сары гүлін алғызып ап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елемей қарашаның қарсылығын өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Елемей қарашаның қарсылығын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елемей қарашаның қарсылығын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елемей қарашаның қарсылығын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері