Естілерді жеңіп кетіп ептілік – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Естілерді жеңіп кетіп ептілік» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 756
Естілерді жеңіп кетіп ептілік,
Тексіздікпен тіреседі тектілік.
Жаңбырдан соң көкжиекте керіліп,
Кемпірқосақ бояуымен кепті үміт.
Ақ пен қара кезектесіп ғаламда,
Той өтеді соғыс болған алаңда.
Жақсылықты жапсырады жамандық,
У қосылған тәтті-тәтті тағамда.
Әлем күн боп көрінетін бір маған,
Неткен күрес, неткен қиын шырғалаң.
Бақытсыздық жылап жатыр бір үйде,
Есіктерін ақ бояумен сырлаған.
Бақыт бар ма жүрегіңнің түбінде,
Бақыт іздеу сәнге айналды бүгінде.
Қауырсындай қауқар барын сұраймын
Мезгіліңнің арқалатқан жүгінде.
Сағат тілі сыртылдайды тынбастан,
Жарқыраудан жалықпайды түнгі аспан.
Алтын сарай оянатын секілді
Кешегі бір дәуірлерден құм басқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Естілерді жеңіп кетіп ептілік өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Естілерді жеңіп кетіп ептілік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Естілерді жеңіп кетіп ептілік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Естілерді жеңіп кетіп ептілік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері