Тағдыр, тағдыр, не айтарсың тағдырға – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Тағдыр, тағдыр, не айтарсың тағдырға» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1169
Тағдыр, тағдыр, не айтарсың тағдырға,
Гүл де мәңгі жайқалмайды сан қырда.
Студенттік шақты еске алып сағындық,
Алматыда жауып өткен жаңбырда.
Шахановтың жырларынан рухтанып,
Қазақтардың арысына сұқтанып.
Студенттік қайран сұлу шақтар-ай,
Жүретұғын жыр оқыса мықталып.
Бір талантқа бір талантты тең көріп,
Бере алмасаң қара тілмен сен көрік,
Жаңалықтың мықтап ұстап жалынан,
Алып қашып кететінбіз өңгеріп.
Жалғыздықтан жүрмеуші едік жабырқап,
Даңқ дегенге қарайтынбыз таңырқап.
Гүлдей өсіп, желдей есіп келеді
Бізден кейін тағы да бір жаңа ұрпақ.
Ұрпақ артта ілеспесе өскелең,
Неге керек болғандығы қос кемең.
Студенттік күндер кетті бұрылмай,
Естімедік дауысын да қош! деген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағдыр, тағдыр, не айтарсың тағдырға өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Тағдыр, тағдыр, не айтарсың тағдырға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағдыр, тағдыр, не айтарсың тағдырға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағдыр, тағдыр, не айтарсың тағдырға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері