Сапарлар сан қызықты толғап еді – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Сапарлар сан қызықты толғап еді» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 759
Сапарлар сан қызықты толғап еді,
Жылы жел қуып жетті жолда мені.
Салқында суық қарға бүріседі,
Жылылық – тіршіліктің ол да лебі.
Тастары жол бойының текшеленді,
Олар да ұнатады көкше әлемді.
Қиялдар бұрымына лента байлап,
Сызба жол тыңдап жатыр кешкі өлеңді.
Толғауын толғай берді Толғам елі.
Тармақтар тебіреніп, оңға деді,
Тараулар толқыды да, солға деді,
Сапарлар тағы әкетті жолға мені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сапарлар сан қызықты толғап еді өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Сапарлар сан қызықты толғап еді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сапарлар сан қызықты толғап еді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сапарлар сан қызықты толғап еді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері