Жәукемделген жүректің сүйреуімен – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Жәукемделген жүректің сүйреуімен» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 521
Жәукемделген жүректің сүйреуімен,
Шығып келем өртеніп, күйген үйден.
Оның аты қайғы емес, бұдан кейін,
Себебі оны сезбейтін күйдемін мен.

Ер дегенім тоты екен, тоқым екен,
Түннің көзі түспеді, соқыр екен,
Қаңғып ұшқан қаңбақтар қағып алып,
Жалғыз қалдым. Солармен отыр көкем.

Толағаймын демеймін, тау көтердім,
Құдай сенің ойыңда бар ма екенмін?
Сен қандайсың, білмеймін,
Мен өзімнің,
Өмірімнің білемін даулы екенін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жәукемделген жүректің сүйреуімен өлеңінің авторы кім?

Ақсұңқар Ақынбаба — осы өлеңнің авторы.

Жәукемделген жүректің сүйреуімен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жәукемделген жүректің сүйреуімен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақсұңқар Ақынбаба өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жәукемделген жүректің сүйреуімен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері