Құрметті жер бетінің тұрғындары – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Құрметті жер бетінің тұрғындары» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 610
Құрметті жер бетінің тұрғындары,
Кетеді қаңтар айдың бір күн қары.
Айтыла да бермейді әннің бәрі,
Жазыла да бермейді жырдың бәрі,
Сіздерге не десем деп, не десем деп,
Оңаша қабырғаммен кеңесем көп.
Бұлт жатыр бұлдыр ойдың бауырында,
Жер жатыр жартаспенен теңесем деп.
Күнгейде күн тұрады, байқасаңыз,
Күбіде қымыран бар шайқасаңыз.
Біз кейін қадам бассақ, байқасамыз,
Біз кейде бейбіт шақта айқасамыз.
Қарлы тау, қарлығады көшкіндері,
Жас қайың булығады өскіндері.
Самырсын, шырша, қайың қар астында
Көзіңе жылы ұшырар кескіндері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрметті жер бетінің тұрғындары өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Құрметті жер бетінің тұрғындары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрметті жер бетінің тұрғындары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрметті жер бетінің тұрғындары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері