Қария айтқан бір сөз бар арлы ұғымда – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Қария айтқан бір сөз бар арлы ұғымда» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1081
Қария айтқан бір сөз бар арлы ұғымда,
Сексеуілді сындырмас қарлы құмда.
Жүрек құрғыр саңқылдап сөйлеп кетсе,
Дауыстаймыз, болмайды қарлығуға.
Мен ұмытқым келеді көп нәрсені,
Бастау үшін қайтадан барлығын да.
Шіркін, мезгіл! Шектеме сынабыңды,
Қылышыңды, қоя тұр қынабыңды.
Жібек желге жалауы желбіреген,
Мен қайтара алмаймын мына күнді.
Сулар біткен сусыды әкетем деп,
Жылымық күн жеткізген жылы ағынды.
Қария күн басында ақ дағара,
Ұқсамайды даналық қап-қараға.
Шежіре жыл шешуін жаза білсең,
Ақ көңілмен түйткілін ақтара ма?
Шымшықтардың шырылы шаршатты ма,
Бұлбұл әнін күтеді бақтар ана.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қария айтқан бір сөз бар арлы ұғымда өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Қария айтқан бір сөз бар арлы ұғымда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қария айтқан бір сөз бар арлы ұғымда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қария айтқан бір сөз бар арлы ұғымда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері