Шығып қалсаң құрғақтау құрлыққа – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Шығып қалсаң құрғақтау құрлыққа» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 649
Шығып қалсаң құрғақтау құрлыққа,
Тіреледі тағдырың тығырыққа.
Замандастың маңынан сая іздейсің,
Өкінішің жұмылып жұдырыққа.
Бақ ішінде бадана бұршақ тергем,
Жаңа тірлік мазаны ал, құрсақ керген.
Айналайын өзіңнен, мырза тағдыр,
Айтарымды айтуға мұрсат берген.
Алау отын жаныңнан жаға алам ба,
Жан-жағыңнан қасқыр ой қамағанда.
Саңылауын сананың ашсам дедім,
Сырымды айтып тұрғанда сан адамға.
Мен бір қызық адаммын жүрегі ашық,
Омбы қарды жүретін күреп ашып.
Күннің көзін зар болдым бір көруге,
Көлеңкенің шалғайын түре қашып.
Нысана қып шықты ма арлы үмітті,
Ағын сулар қаптады, алды ырықты.
Көктем келді, көк сулар көлкіп ақты,
Жар басына жинаумен жаңғырықты.
Шаңқай түсте шалқайып өсе бер, күн,
Даңғылында думан бар көшелердің.
Келешектен кешігіп қалмау үшін,
Кешендерді келеді кеше бергім.
Келешектен кешігіп қалғасын да,
Құйқылжыды бұлбұл құс тал басында.
Дәуірімнің дауылды дауысы бар
Мен жазатын өлеңнің жалғасында.
Дүрсілдеген кеудеде дүбірлі екпін,
Күндерімді көгілдір күбірлеттің.
Жүрексініп аспаннан жүргенімде,
Биіктігін аңғармай бұрын көктің.
Шырқай ұшып, шалқысын төбеде күн,
Бөгеттерді бұзайын, бөгемегін.
Тар қапаста талықсып, тұншыққанда,
Кеңістігім көлкіді неге менің?!
Ай асығып қонғанда ұясына,
Күн асылып қонғанда қиясына,
Сөз сөйлеуге ұмтылған ақын жүрек
Жүрек жасын қосады сиясына.
Дүниенің бола ма асыл мәні,
Кешкен күйін айтпаса басындағы.
Махаббатын айтуға ұмсынады
Тіршіліктің көктеген жасыл дәні.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шығып қалсаң құрғақтау құрлыққа өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Шығып қалсаң құрғақтау құрлыққа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шығып қалсаң құрғақтау құрлыққа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шығып қалсаң құрғақтау құрлыққа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері