Тәжірибе – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Тәжірибе» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1805
Аңғармай өз әлімді,
Қинап босқа жанымды;
Түсе кеттім күреске
Көрінуге қарулы.
Алыстым да жығылдым,
Күресуден түңілдім.
Ақылыма қарамай,
Білерімді санамай,
Түсе кеттім айтысқа
Түпсіз терең данадай.
Айтыстым да ұтылдым,
Қашып әрең құтылдым.
Міндім - дағы намысқа,
Түсе қалдым жарысқа.
Әзір емес екенмін
Жүгіруге алысқа.
Жарыстан да қалған мен.
Жұртқа күлкі болған мен.
Мәңгі кәрі бір адам
Жоқтан бар ғып құраған;
Мәңгі сәби бір адам
Тәй, тәй басса құлаған.
Донкихоттар көп екен
Соның бірі мен екем.

1960


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәжірибе өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Тәжірибе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәжірибе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тәжірибе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері