Айнакөлім жоғалтты сыңқыл дауыс үйректі – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Айнакөлім жоғалтты сыңқыл дауыс үйректі» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 911
Айнакөлім жоғалтты сыңқыл дауыс үйректі,
Үйіріліп үйрекпен шанақ бойлап күй кеті.
Ұшпайды алыс жаққа ол, қайта айналып келер деп,
Бүлкілдетіп барады тәтті дәме бүйректі.
Үйрегімнің соңынан балпаң қағып қаз кетті,
Қазбен бірге саңқылдап күміс қанат саз кетті.
Қазым менің қайда екен, арманынан адасып,
Шықты ма екен жолға алыс нысана қып жаз бетті?
Аққу кетіп барады әсем үнмен сыңқ етіп,
Ақ желпуіш қанаты су астына сүмп етіп.
Айдын сызып ұзаған сұлулықты ұстауға,
Құлай кеткім келеді жар басынан күмп етіп.
Аққу кетіп барады көк айдында сыңсыған,
Бұдан өткен бар ма екен жер бетінде сыршыл ән?
Ұмытылмай әуезі, жүрегіңді тербеткен
Сағыныш бар әуенде, әуенде бар мұң, шыдам.
Қош деместен кетті ұшып тұрымтай мен шүрегей,
Айдын үшін құстардың барлығы да бірегей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айнакөлім жоғалтты сыңқыл дауыс үйректі өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Айнакөлім жоғалтты сыңқыл дауыс үйректі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айнакөлім жоғалтты сыңқыл дауыс үйректі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айнакөлім жоғалтты сыңқыл дауыс үйректі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері