Өлең, жыр, ақындар

Махаббатың мақамы мың хикметтен тұрады

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 502
Сағыныштың сазынан жүрек-құмыра сыңғырлар,
Тұңғиық сол тылсымның сырын айтса, бұл Гүлнәр.
Көзден жасын төгеді, аңыратып, бұлбұлдар,
Махаббатттың мақамы – мың хикметтен тұрады!

Махаббат, ол – өмірім, махаббат ол – шырыным,
Үлгі болып, ойсызға, елге жетсін, бұл үнім!
Ұстазымыз текті еді,жетелесін, құлынын,
Махаббатың мақамы – мың хикметтен тұрады!

Сезіміне Күн Оның – күйіп қалған, деседі,
Әуезіне асқар тау ұйып қалған,- деседі.
Раббысының Жамалын сүйіп, солған,- деседі,
Махаббаттың мақамы – мың хикметтен тұрады!

Гүл-жыр жазсам – ол дағы, - науқасымның мәуесі,
Жауһар қылар, Рухыңды, бұл дүниенің мәуесі,
Маймылдықты «селфилеп», кірмес, жердің әлі есі,
Махаббаттың мақамы – мың хикметтен тұрады!

Жердің дертін көк аспан жамайыншы,- дейді ме,
Жанның өртін шоғы осқан, тонайыншы, дейді ме?
Естілмеген бір әнге салайыншы,- дейді ме,
Махабаттың мақамы – мың хикметтен тұрады.

Жұпарыма тау жерік, жүрек гүлден көрінбей,
Тентек өзен гүрілдеп, жоса-жоса шерім ғой!
Ана өмірім – тірі ме? Бұл өмірім – құрбандық,
Махаббаттың мақамы – мың хикметтен тұрады!

Қараңғыға нұр шашар – өлеңдерім Ай түсті,
Жылдар бойы қинаған науқасыма жай түсті!
Қызғалдаққа шомылдым –кидім, енді, қай түсті?
Махаббаттың мақамы – мың хикметтен тұрады!

Тіл жетпейтін Дидарың тұр – мына әлем үстінде,
Жәудіреттің, моншақтай, кәусар көлге түстім бе?
Сені пәктеп, Әзизім, сайрап өтті, құс-күн де,
Махаббаттың мақамы - мың хикметтен тұрады!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жапырақ дүние

  • 0
  • 0

Жапырақ-дүние – ұшып та бір күн кетерсің,
Бір күні – у-сың, бір күні – тәтті шекерсің!
Жан біткеннің дүниеден бәрі өтер шын,
Жапырақ дүние – ұшып та бір күн кетерсің!

Толық

Көркемсің Ием

  • 0
  • 0

Көркемсің, Ием, көркемнен,
Нұр жұтып алдым, өлкеңнен.
Қара пиғылдар – қарғадай
Күн-сезіміме өртенген!

Толық

Жамалыңды көрсем-ау

  • 0
  • 0

Көктегі сәт пе, жердегі сәт пе, айырман,
Дастархан толы бал тамған жырлар қойылған.
Күлкі төгілді, сүттей боп тұнған Айымнан
Жамалыңды көрсем-ау!

Толық

Қарап көріңіз