Татумен тіршіліктің ащы зарын – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Татумен тіршіліктің ащы зарын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1013
Татумен тіршіліктің ащы зарын
өмірден кеткенде ерте жақсыларым,
жарамай жоқтауға да, жылауға да,
сағалап жүрдің бәрің басшы жағын.
Ере алмай алай-түлей ағымдарға
көшеде көсем жүрек жарылғанда,
жымиып жылысқансың,
«Асылым!» – деп
сөйлеуге бүгін құқың, арың бар ма?
Елемей елім деген ұланды ерен,
есіртіп жағымпазды қыран деп ең.
Жыққанда ойлыны орға қайсың болдың
«Ойпырм-ай, обал болды-ау бұған?!» – деген?.
Куәмін, маған аян бұрынғы әнің,
бас ұрып биліктіге жығылғаның.
Ел қамын жейтін жалғыз өздерің боп,
көсемсіп қалыпсыңдар бүгін бәрің.
Елім деп безегенмен жүйрік тілін,
ерсіген ерсілердің түйдік сырын.
Қылмыскер – ел қамы емес, өз қамы үшін
сойылын соғатындар биліктінің.
1994


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Татумен тіршіліктің ащы зарын өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Татумен тіршіліктің ащы зарын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Татумен тіршіліктің ащы зарын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Татумен тіршіліктің ащы зарын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері