Ғұнның әні – Сәулеш Шәтенова

Бұл бетте «Ғұнның әні» атты Сәулеш Шәтенова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 987
Түйелер шөккен төбелер менікі,
Қарсақ қашқан құмдар менікі.
Талыстай белдер менікі,
Күмістей көлдер менікі.

Біздей өткір қамыстар менікі,
Терісі теңбіл барыстар менікі.
Қардың арасынан қылтиған гүл менікі,
Ошақтан шыққан күл менікі.

Таңбалы ту менікі,
Оқ тиген қу менікі.
Арасында қабан қашқан ну менікі,
Даланы кесіп аққан су менікі.

Ұшқан құс талатын дала менікі,
Тастан соғылған қала менікі.
Тасқа басылған дастан менікі.
Жерге төңкерген аспан менікі.

«Менменшіл» ғұнның бір тамшы қанымын ,
Топыраққа сіңген.
Жұмақта жүрген бабамның тастап кеткен жанымын,
Қайтадан жаралған күннен-
МЕН.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғұнның әні өлеңінің авторы кім?

Сәулеш Шәтенова — осы өлеңнің авторы.

Ғұнның әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғұнның әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәулеш Шәтенова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғұнның әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері