Қайран сөз – Ұларбек Нұрғалымұлы

Бұл бетте «Қайран сөз» атты Ұларбек Нұрғалымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 951
Бұлар шулап жазады,
Измдердің иір-иір жолдарын,
«Елесінің ұзын-ұзын қолдарын»,
Өзі ішінен өзі мыңға бөлініп,
«Өз көріне топырақ сап тұрғанын»...
Жазады-ай бір,
Жазады-ай бір емініп,
Сосын тағы... бұл ортадан жерініп...
Есенинге есі кете елігіп,
Абай одан аласалау көрініп...
Сілтейді-ай кеп данышпаным, даңқтым,
(Мен бұлардың даңқынан да жалықтым.)
Қай заманнан...
Қайран сөзі қор болған,
Қара шалды ойлай-ойлай қамықтым.
Изім демес, біздің түске енбеген,
Қиял да емес, «тәнін айға жерлеген».
Сол қайран сөз СЫРТЫ КҮМІС, ІШІ АЛТЫН,
Қырық жамау жүрегімді емдеген.
Ақиқаттың арғы түбін ұға алмай,
Өтіріктің өрмегінен шыға алмай.
Содан бері қанша жалған сөз өлді,
Ит жүніне қонған түнгі қылаудай.
Міне тағы
Көз – ноғала, сөз – жалған,
Жалған сөзді жалған мақтар кез болған.
Әттең дәрмен жетер ме аулақ кетуге,
Атақ буы бұрқыраған сол маңнан.
Буға айналып кетсе дағы сөздері,
Сол бір маңның «марапатты» ерлері,
Буырқанып
Байтақ Қазақияны,
Сөздері емес, кезіп жүреді өздері.
Қайран, сөз-ай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайран сөз өлеңінің авторы кім?

Ұларбек Нұрғалымұлы — осы өлеңнің авторы.

Қайран сөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайран сөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұларбек Нұрғалымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайран сөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері