Қыздарға тілек – Қатира Жәленова

Бұл бетте «Қыздарға тілек» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1298
Әзіл-шыны аралас

Мезгіл жетпей
Гүл қауызын жара ма,
Уақыт – қатал,
Аяйды деп қарама!
Гүл-көктемді
Алыстатып біздерден
Жылдар өтер
Шекара сап араға.
Алдан ылғи бақ жанып,
Таң күле ме,
Бұл өмірді
Білу керек сүре де...
Қыздар, қыздар,
Көктем ұзап барады,
Тұрмыс құру
Ойларыңа кіре ме?
Біреуінің
Жүріс-тұрыс, күлкісі,
Біреуінің
Ұнамайды түр-түсі.
Мінеп-шенеп
«Күн бермейміз» әйтеуір,
Ұнамай-ақ қойды бізге
Бір кісі...
Өзімізді
Хор қызына санаймыз,
Жігіттерге
Жоғарыдан қараймыз.
Олардың да
Артықтығы бар шығар,
Оларды да
Сүйген болар талай қыз.
Кателікті мойындасақ
Бар ма айып,
Бақыт құсын
Текке үркітіп алмайық.
«Көк етікті»
Таңдап жүріп,
Бір күні
«Көн етікке»
Зәру болып қалмайық.
Сірә да ешкім
Пенделіктен асқан ба,
Бір тосқауыл болады
Көп тасқанға.
Жерге де бір
Түсіп көрсек қайтеді,
Өмір бойы
Ұша бермей аспанға?
Шалмай тұрып
Үміт – таудың басын қар,
Қыздар, қыздар,
Пенделіктен қашыңдар.
Аспанда емес,
Бәлкім жерді мекендеп,
Жүрген болар
Біз іздеген «асылдар...»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыздарға тілек өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Қыздарға тілек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыздарға тілек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыздарға тілек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері