Сүйесің

Бұл бетте «Сүйесің» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1032
Өзіңше жасап тіршілік,
Жүрсің ғой маған қырсығып.
Бәрібір мен деп соғады
Жүрегіңдегі дүрсіл, ұқ!
Құдіретті өнер, асқақ ән,
Біз үшін қымбат басқадан.
Қуанышы бір, мұңы бір,
Біздерге ортақ дос-жаран.
Мен болған жерге келесің,
Қаламасаң да, көресің.
Кетпегеніме жадыңнан
Амалсыз өзің сенесің.
Өткенге қайтып орала,
Сезімге кеудең толады, ә...
Сағынышыңды сыздатқан,
Мойындамасқа бола ма?!
Жақұт нұр болып шашылып,
Мен жаққа қарай асығып.
Көзіңнен ұшқан ұшқынды
Қоясың қайда жасырып?
Тағдырдан алған үлесің,
Сағыныш қана – білесің...
Үйленсең үйлен басқаға,
Бәрібір, мені сүйесің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйесің өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Сүйесің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйесің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйесің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері