Махаббат әліппесі – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Махаббат әліппесі» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 556
Махаббаттың әліппесі — шырын бал.
Кітаптардың төресі екен шынында.
Оқыдым мен әр бетіне зер салып,
Миллион бет — таусылмайтын мұңын да,
Тек, бес беттік ләззәт тұнған сырын да.
Айырылысу — бөлімдерге бөлінген.
Кездесулер үзіндімен берілген...
кіп-кішкентай тарауда.
Қайғының бір томы бар
Ұзақ-сонар бітпейтіндей көрінген,
Түсіндірме — беттері де терілген..,
Беу, Низами! Қасиетті сөздерің.
Айтар дейсің тек өзіңнен өзге кім?
Бұл түйінді шешетұғын кім екен? —
Ешкім де емес. Ғашықтардың өздері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат әліппесі өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Махаббат әліппесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат әліппесі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат әліппесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері