Сағындым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1166
Жүрекке әкеп
Сағыныш дертін жамайтын,
Өтті ғой, міне,
Күрсініспенен талай күн...
Отты ұшқын шашқан
Жанарың қайда?
Сағындым...
Шуаққа бөлеп,
Күлімдеп дәйім қарайтын...
Келді ғой көктем
Құлпыртып гүлзар бағымды,
Алма ағаштары
Ақ бантик гүлін тағынды.
Көктемдей жайсаң
Мінезің қайда?
Сағындым...
Таң самалындай
Қытықтап өтер жанымды.
Жалқындап жанып
Ұшқындап тұрған алау ем,
Лапылдап жанбай
Қалайша өшіп қалам мен?!
Тәтті әнің қайда?
Көңілім қалды құлазып,
Естілмей көптен
Құлаққа таныс сол әуен...
Елестен өзге
Сенен еш белгі қалмапты,
Әніңді аңсап
Ұзақ түн кездім бау-бақты.
Көп араладым,
Өзіңді іздеп дамылсыз,
Бірақ та, әттең,
Сезімім мені алдапты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағындым өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Сағындым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сағындым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағындым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері