Қыз монологы

Бұл бетте «Қыз монологы» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1441
Бақытты едік бір кезде...
Орындалып жүректің ізгі арманы,
Махаббаттың
Кездік біз гүлзар бағын.
Жастық шақтың
Қыздырып думанды әнін,
Жүруші едік
Елемей ызғар барын,
Ақпанның да ерітіп мұз-қарларын.
Бірақ, бірақ кенеттен...
Қара бауыр бұлт шөгіп аспанымда,
Дауыл тұрып бір ерен жас жанымда,
Көңілімді бұрғызбай өзің жаққа
Алып кетті,
Қайтейін, басқа ағымға.
Бал татыған шырын сәт,
Жұмақ күндер
Ғайып болып жоғалып қас-қағымда.
Аптап соғып көгіңнен
Жапырағын жаныңның қуарттым да,
Гүлзар бағын көңіліңнің суалттым да,
Кешіре алмай мен кеттім...
Үстіңе әкеп
Қызғаныштың нән тауын құлаттым да.
Екеуіміз де ашуға құрбан болдық,
Сен мені,
Ал мен сені жылаттым да...
Тарлық еттім, қайтейін!
Күй боп тұнып домбыра шанағында,
Өзімді-өзім
Батырдым нала-мұңға.
Қайран, дүние,
Өртеніп барамын ба?!
Тұтандырған о баста өзім едім,
Сол алауға
Енді өзім жанамын да...
* * *
Қарсы алайықшы,
Алғашқы жауған ақ қарды
Екеуіміз бүгін бірлесіп.
Аралайықшы,
Армансыз кезіп бақтарды
Ақ қайыңдармен тілдесіп.
Таңырқамашы,
Ақ қар боп жаусам көгіңнен,
Жүректің төгіп мұң-зарын.
Жабырқамашы,
Бірге ала келсем өзіммен,
Қақаған қыстың ызбарын...
Кінәламашы,
Дауыл боп көкті шаң қылсам,
Елемей шың мен құздарын.
Қоштасқан күннен,
Естелік етіп қалдырсам
Алғашқы қардың ызғарын...
Кінәламашы,
Шайқалмай көлі шабыттың,
Айтылмай кетсе мың сан жыр.
Қаспағын сыйлап
Қаймағын бірақ бақыттың
Бұйыртпай кетті бұл тағдыр...
Өкініштің орынын толтыра алмай


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз монологы өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Қыз монологы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз монологы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз монологы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері