Қандай жансың?

Бұл бетте «Қандай жансың?» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 977
Көңілім мынау
Ұйытқыған құйын, тегі,
Бір тыныштық жаныма бұйырса еді...
Ойлай-ойлай шаршадым
Миым қатып,
Қандай жансың?
Түсіну қиын сені...
Ақ-қараны айырар кез келді ме,
Сене алмаймын
Мен неге сөздеріңе?!
Шын бейнеңді көрсем деп,
Үңілемін
Жан-дүниеңнің айнасы – көздеріңе...
Ұстатпайды көздерің,
Тұман маған...
Сағымбысың алыстан құр арбаған?!
Сенім болмай
Күн кешу қиындығын,
Тірлігінде, сірә да, ұғар ма адам?!
Шын сезімді,
Рас, мен армандадым,
Қаламайды бұл жүрек алданғанын.
Содан болар,
Қараймын үркіп кейде,
Сөздеріңнің көрініп жалған бәрі...
Жаудыраған бейкүнә жанарыма
Қарай алсаң,
Түп-түзу қара мына!
Көңілді іреп
Қызғаныш, сайтан алғыр,
Арамызға жік салып барады ма?..
Бастан кешпей бұл жайды
Ұға алар кім?
Біздер үшін
Туғандай сыналар күн...
Сендегі бұл
Алапат құйын сезім,
Өткінші бір ақ жаңбыр шығар, бәлкім...
Ақылы құрғыр
Басым боп кетеді де,
Ере алмаймын сезімнің жетегіне.
Үміттер мен күдіктер тайталасқан
Өмір, шіркін, осылай өтеді ме?!
Бұрын-соңды күй кешіп кезікпеген,
Бір шешімнің керегін сезіп келем.
Не істерімді білмеймін,
Құдайым-ай,
Кетсем бе әлде
Біржола безіп сенен?!
* * *
Алыс кетсем
Жақындап жуықтайсың,
Жақын келсем
Алыстап жуытпайсың.
Алабұртқан ып-ыстық көңілімді
Неге ғана біржола суытпайсың?!
Бірімізге-біріміз шынайы ұнай
Жүруші едік екеуіміз,
Куә мына Ай...
Тұнық сезім әп-сәтте лайланып,
Неге араға жік түсті,
Құдайым-ай!
Жалғандықты сеземін – сөзіңдегі,
Салқындықты сеземін – өзіңдегі.
Бірақ мынау –
Жаныңның шар айнасы
Неге ғана арбайды көзің мені?..
Ұшқын ата қарадың неге бұлай,
Сүйе алмайсың бірақ та неге құлай?..
Басым қатып осы бір сұрақтардан,
Жүрек сыздап,
Мұңлы күй төгеді ұдай...
Сейілмей-ақ қойды бұлт көңілдегі,
Ұнатқаның шын ба еді сенің мені?..
«Сүйемін» деп айтқаннан,
О, кім білсін,
«Сүймеймін» деп айтқаның
Жеңіл ме еді?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қандай жансың? өлеңінің авторы кім?

Қатира Жәленова — осы өлеңнің авторы.

Қандай жансың? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қандай жансың? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қатира Жәленова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қандай жансың? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері