Жал, құйрығы қаба деп – Бұқар жырау

Бұл бетте «Жал, құйрығы қаба деп» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.11.2015
  • 0
  • 1
  • 36665
Жал, құйрығы қаба деп
Жабыдан айғыр салмаңыз
Қалың малы арзан деп,
Жаман қатын алмаңыз.
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас.
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас,
Жаман қатын алғаның-
Төркініне бере алмай,
Төсегіне жата алмай,
Тең құрбысы келгені
Оңды жауап қата алмай,
Жалғанда қор болғаның.
Таудан асқан тас бұлақ ,
Қазса құйыр теңізге,
Қанша малы көп болса,
Бай қуанар егізге.
Жаманнан жақсы туса,
Жақсыдан жаман туса,
Тарпай қоймас негізге.


Пікірлер (1)

КЕРЕМЕТ

КЕРЕМЕТ

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жал, құйрығы қаба деп өлеңінің авторы кім?

Бұқар жырау — осы өлеңнің авторы.

Жал, құйрығы қаба деп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жал, құйрығы қаба деп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бұқар жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жал, құйрығы қаба деп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері