Бұл бетте «Таң сәріде» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Романс
Таңның желі тұрғызды
Гүлді тербеп гуілдеп.
Сал ұйқымды кім бұзды,
Желмен бірге күбірлеп?
Күбір емес нәзік ән,
Сыңсыған кім бұл маңда?
Әлде қыз ба сызылған,
Бұлбұлдай бір орманда?
Тербеп бейбіт әлемді,
Тау мұнары сырылды.
Әнмен берді сәлемді
Күнге орман сұлуы.
Тау бөленіп сәулеге,
Жарқырады ақ шынар.
Көрдім жасыл әуеде,
Дөңгеледі алтын шар.
Қатар шықса күн мен ән,
Түн ұйқыңды бұзбай ма?
Күн туарда толқыған,
Япыр-ау, сол қыз қайда?
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі