Ертегі – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Ертегі» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1221
Фариза Оңғарсыноваға

Қара Аспанның Өң мен Түсі түйіскен
Шұғыласында
Періштелер сүйіскен.
Тіршілікті жарататын (тыныстан!)
Сана - сондай!…
Жапырағы – алтын, күміс Тал
Со жерде екен баяғыдан!…
Бүгін де
Түндей терең Тұма-Көз бар түбінде.
Әлгі Талдың
Еркек әрі ұрғашы
Тұма-Көзде
Дірілдеген сұлбасы
Ақыл аңқып, көңіл аңқып тұр гүлдеп!…
Оған жетсе, қияңқылдау, күлгіндеу
Қиял ғана жете алады.
Өзгесі
Опат болар, Обалменен кездесіп.
…Күндер де күн санадан тыс көштім де,
Қияңқылдау күлгін қиял кескінде
Мен де жеттім Тұма-Көзге!
Үңілдім,
Жұмбақ түрін көрмек болып ғұмырдың…
Тұма беті бір сурет жаратты:
Тарпаң едім… Адам екем қанатты!…
Қасақана сенбейтіндер сөзіме
Хас Ақынның үңілсе еді Көзіне…

Семей.
14 сәуір, 2004 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ертегі өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Ертегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ертегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ертегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері