Кәсібін қоймас ұры адам

Бұл бетте «Кәсібін қоймас ұры адам» атты Ханбибі Есенқарақызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1336
Ауру, жоқтық... және өлім
Қолымда көп дәлелім.
Лақтырылған сүйекке
Таласады әлі елім.

Ел емес, елге ұқсарлар,
Әрине, «шөпкетышарлар».
Жегені желім боп шығып,
Бір күні қан құсарлар.

Қақпанға түсіп, қақсаған,
Көнбейді ымға, бопсаға.
Дәніккен «Қарсақбайларым»,
Әділет соты жоқ саған.

Қарамас көзге жылаған,
Кәсібін қоймас ұры адам.
Алады бәрі, береді,
Бермейтін елде – бір адам!

Қоғамның жүзі – пара бет,
Апарар қайда арам ет?
Алладан аяқ тартпаған,
Берген де, алған – қарабет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кәсібін қоймас ұры адам өлеңінің авторы кім?

Ханбибі Есенқарақызы — осы өлеңнің авторы.

Кәсібін қоймас ұры адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кәсібін қоймас ұры адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ханбибі Есенқарақызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кәсібін қоймас ұры адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері