Тек осы жер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тек осы жер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1609
(аударма)

Сөздерге де, өңдерге де енді ешқашан сенбеймін,
бұдан былай көзім көрмей, ешкімге де ермеймін.
Бұдан былай мына менің өзімде де күмән бар –
сендер де енді мені алдымен отпен, қанмен сынаңдар!
Мені әлі де шошытады пасықтықтың мұз демі,
елестейді мені алдаған адамдардың жүздері.
Жылмың қағып келсеңдер де, енді сенбен достай шын,
мені алдай алмайсыңдар бұдан былай ешқайсың!
Өр мұхиттан басталатын өзім туған кең Үнді,
алдауменен таптадыңдар, топырағымды, елімді.
Мұның бәрін ұғып тұрмын, әттең, әттең, кеш мүлде...
Қаным сіңген, терім сіңген мынау байтақ жерімді
бұдан былай таптатпаймын ешкімге!

СУБХАС МУККЕРДЖИ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тек осы жер өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Тек осы жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тек осы жер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тек осы жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері