Нан
Бұл бетте «Нан» атты Бейімбет Майлин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Осы күні кеудеде,
Шықпаған құр жан,
Не бар тілек пендеде:
Нан, нан, нан!!!...
Жұрттың бәрі жалынды
Өлтірме! деп аштан,
Ынтық боп нанға сағынды,
Жеп үйренген жастан.
Бірақ әлі нан жоқ.
Ашыққан қарын ашыққан,
Нансыз елде сән жоқ,
Бұралып отыр аштықтан.
Құдай, а, Құдай!
Қырасың ба, пендеңді.
Қоясың ба өңгеңді?
Аштық деген бір бәлең
Салды елге шеңгелді.
Күнің бар ма, көретін,
Жәрдемің қайда беретін.
Жан берген дән берер деп,
Құдайысың сенетін.
Сәждеде жатыр құлдарың,
Көр, ғибадат қылғанын.
Еңбектерін еш қылып.
Лайық па, қырғаның?
Жөні басқа орыстың,
Ораза жоқ, намаз жоқ,
Ғибадат қылмайсың де.
Сорлы қазақ қорқақ,
Айтқаныңды істейді.
Ендігі өкпең не?
Маған осы өлең оқығаннан бастап ұнады. Өте керемет жазылған!
Жақсы өлең!????
Оте керемет
Шыны мен
Олен кушты жазылган
Басқада өлендері барма
Жаксы бірақ қиындау екен
Оте керемет
☺️☺️☺️☺️
☺️☺️☺️☺️☺️☺️☺️☺️☺️☺️????
Кушты Бырак баска өлең жокпа
Өте әдемі өлең екен
Өте жақсы өлең екен
Маған өте ұнады жақсы өлең екен