Тау заңы – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Тау заңы» атты Фариза Оңғарсынова жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 24.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1827
(аударма)

Бабалар өткен
заңдарын
кітапқа жазып қалдырмай,
қаныма сіңген арман-үн,
далаға сіңген жаңбырдай.
Құрта алмай заңын қай күш те,
тау елін сүйген Күн, аспан.
Біреуге қайғы — жай түссе,
ел болып бірге жыласқан.
Жазбаған заң бар тауларда,
қайғы ортақ мұнда, той да ортақ.
Арына тиген жауларға
қайтатын бірге ойран сап.
Жау келсе, тауды мұз құрсап,
тұрмайды бұлттай түнермей.
Дос келсе — жаны жұп-жұмсақ
жайылған мақпал кілемдей.
Таулы елде сондай заңдар бар
жазылмай жеткен біздерге.
Томда деп ойлап қалмаңдар —
ол заңдар суда, кұм, жерде.
Жеңе алмай уақыт, шаң, бүлік,
өлмейтін сондай заңды ұқтым.
Ол заңдар жасар мәңгілік
қанында әрбір таулықтың!

ФАЗУ АЛИЕВА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тау заңы өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Тау заңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тау заңы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тау заңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері