Әкелікті сезіну – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Әкелікті сезіну» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1381
(аударма)
Нұрзияға

Сен туғанда маған қонған бақ дедім,
исің жұпар, шырын-балдай тәтті едің.
Ортамызда құлыншақтай құлдырап
қызық еді былдырлаған сәттерің.
Сен туғансың күздігүні Мәскеуде,
қуаныштан толды менде жас кеуде.
Есім шығып келе жаттым жүгіріп,
сау емеспін, ішкен емен мас деуге.
Бақыт нұры басқандай ма көзімді,
ұшып – қондым, адам едім төзімді.
Алып шықты перзентхана алдына
құндақталған қуыршақтай өзіңді.
Құдай берген бақыт еді ол бізге,
біз шалқыдық - мұхитпыз ба, көлміз бе…
Әке болып сезінуді сен маған
алғаш рет сезіндірдің сол күзде.
Саған бүгін қараймын да, балғыным,
Еске аламын өткен күннің барлығын.
"Лексуспен" сырғанай бер, ұмытпа
бұл өмірде ор-жар барын, жан Нұрым!

АНДРЕЙ БЕЛЯЕВ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкелікті сезіну өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Әкелікті сезіну өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкелікті сезіну өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әкелікті сезіну өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері