Кек және кешірім – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Кек және кешірім» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1572
(аударма)

Өкпе шоғын тұтандырмай
біз сараңбыз кешіруге.
Мейірімді ол жұтар құмдай,
жұтар ақыл шешімін де.
Ашу қысса қанды буып,
шығар жанның есі мүлдем.
Жан-дүниең жаңғырығып
тазарар тек кешіріммен.
Ыза - жалын, ашу - тамұқ,
сені азаппен сынары анық.
Сен өртенсең жасың тамып,
тек мейірім шығар алып.
Дұшпаныңның кесектерін
(кесек атпас құзғын бар ма),
жапқан жала-өсектерін
лақтыр бәрін құрдымдарға.
Кешір, уды төкпе өңештен,
есең кетсе бір есерде.
Жандарыңнан өкпелескен
кешірімді сұра сен де.

АНДРЕЙ БЕЛЯЕВ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кек және кешірім өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Кек және кешірім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кек және кешірім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кек және кешірім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері