Сурет – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сурет» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1640
Мені көріп алыстан,
Бір топ бала жүгірді.
Сол бетімен жарысқан
Мені қоршап үлгірді.
– Ағай, ағай, бері кеп,
Түсіріңіз мені тек.
– Ағай, ағай, мені де
Түсіріңіз көбірек.
Осылай сан-сапалақ
Жауып кетті өтініш.
Ашылды тез аппарат,
Мұндай жерде не тұрыс?
– Асықпаңдар, төз, бірақ,
Саспағын, – деп, – саспағын,
Аппаратты көзеп ап,
Сыртылдата бастадым.
Деген едім жалма-жан:
– Түспей қалған кім екен?
Анадайда Алмахан
Оңашалау тұр екен.
Бұртиды ол өкпелі:
– Жеке түскім келмейді.
Жалғыз жүрсем шеткері,
Мені ешкім көрмейді.
Жалғыз кіммен ойнаймын?
Жалғыз ішім пыспай ма?
Жалғыз нені ойлаймын?
Жалғыз зәрем ұшпай ма?
Барлық бала сол замат
Қателерін түсінді.
Алмаханды ортаға ап,
Суретке бір түсірді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сурет өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сурет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сурет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сурет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері