Әйелдің ойы – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Әйелдің ойы» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1723
(аударма)

Тарс жауып есікті, біржолата кеттің сен,
қайтем аппақ сезімді жазғы құйын
деп білсең.
Ұмыттың ба түндерді, жалындаған кезіміз?
Түсінбедім жоғалтып алдық екен нені біз?
Өмір сүрдім сен үшін, еркелеттім баладай,
көңіліңді табам деп, өзіме де қарамай.
Ауырғанда өбектеп, қатерлерден қорғап ем,
бақытты әйел мен едім әлемдегі сонда мен.
Көк теңізде көлбеңдеп кемеміздің желкені
өмір кештік. Ал бүгін соның бәрі – ертегі.
Есің кіріп өзіңе өкінетін күн туар,
сонда сенің жүрегің мені еске алып бұлқынар;
көздеріңе мұң тұнып, жүрегіңді қайғы орап,
еске аларсың дірілмен сүйгенімді аймалап.
Сезім деген – жас шыбық, өсірмесең құлатпай,
қаңғып кетер Махаббат жетім қалған лақтай.

АНДРЕЙ БЕЛЯЕВ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйелдің ойы өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Әйелдің ойы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйелдің ойы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әйелдің ойы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері