Көңіл күйі – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Көңіл күйі» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 809
Батыстан сәби ұлынан
Хош иiстi гүл алдым;
Сыбағам — тұз бен жылы нан
Жерінде Хамид Fұлямның.
Самарқан, Бұхар, Хиуада
Үлесім қанша аларға! —
Құшағым толды миуаға,
Шапталға, жүзім, анарға.
Шабытқа жанын бөлеген
Ұмытар қалай бақты адам;
Айналам аппақ түлеген,
Тұнады көзім пахтадан.
Жаннатты көріп жан өсер,
Fазелді келтір құшаққа! —
Әмipшi мұнда Fанишер
Ақ жаңбыр, кемпірқосаққа.
Ycтінe Фархад дариясы
Жұлдыздан тақты моншағын;
Өз досым маған даяшы,
Мейманы болдым мұнша күн.
Алысқа биік ән самғап,
Сайрайды бұлбұл жан-жақта.
Арманым бар ма?..
Алшаңдап
Tipiдe жүрмін жаннатта.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері