Менің байтақ Отаным – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Менің байтақ Отаным» атты Фариза Оңғарсынова жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 26.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2612
(аударма)

Есімде бала шағым. Алда — мұрат.
Сыры мол өмір — әлем ашты есігін.
Сен жайлы ойламаппын онда бірақ,
Отаным — Өзбекстан, ақ бесігім!
Қараушы ем қойды екен деп неге тағып
алқадай қадалғанда көгіме Күн.
Бүкіл жер Өзбекстан деп аталып,
бар әлем Отаным боп көрінетін.
Еске алып сол кезімді, мұңданамын,
мен бекер шексіздікті күтеді екем:
Отаным — таусылмайтын құндақ әнім –
сонау бір таумен ғана бітеді екен.
Әлемде - бүгін білдім, аңқау да едім –
қанша отан, қаншама елдер бар ақ таңдай!
Содан ба — жүрегіме дарқан жерім
күн сайын жақын тартып баратқандай.
Ал бүгін бақытыңа күндер айғақ,
баяғы мұңды үніңнен күлкі басым.
Туысқан халықтармен бірге жайнап,
Отаным, күннен-күнге құлпырасың.
Достарсыз нәрсіз гүлдей семер кеудем –
Бресте, Енисейде жарасып ән,
достар жүр хабар күтіп, елеңдеумен
өзбектің ерте гүлдер даласынан.
Әлемнің картасында нұрлы мекен –
ұлы деп аталмапты бекерге елім.
Балалық болжамдарым шындық екен –
әлемдей елім байтақ екен менің!

МҰХАМЕД ӘЛИ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің байтақ Отаным өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Менің байтақ Отаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің байтақ Отаным өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Менің байтақ Отаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері