Желмен сырласу – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Желмен сырласу» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1643
(аударма)

Сен неге бүгін шапқылап
аулама келіп құлайсың?
Терезелерді қаққылап,
біресе сыңсып жылайсың.
Білмейтін бе едің, дауыл жел,
орныңды сенің жердегі –
(тынышымды алма — дамыл бер!)
даланың сайран белдері.
Үйім де менің шап-шағын,
өзім де жалғыз, мұңдымын.
Кезсекші бау мен бақшаның
саясын, төккен күн нұрын.
Мазамды алма бекерге,
қаңғыбас едің, демеспін.
Төрт қабырғалы мекенде
ұстай алмайды сені ешкім!
***
Бітті бәрі. Кетейін, жоғалайын.
Білегіңді мойныма орап, айым,
«Қал!» демедің сен неге, жыламадың,
жүгірмедің?
Тартамын содан уайым.
Күн, апталар өтсе де мен жылаған,
босағаңа тағы да келдім аман:
ала көзбен атпайсың неге мені,
«Кет!» деп неге айтпайсың енді маған?
«Неге» мен «Не» — сұрақтар жетегінде
кетеміз бе, сүйреліп бекер үнге?
Азап шексе қос жүрек екі жақта,
бір махаббат болғаны екеуінде!

МҰХАМЕД ӘЛИ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Желмен сырласу өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Желмен сырласу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Желмен сырласу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Желмен сырласу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері