Саратовтағы оба – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Саратовтағы оба» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1285
(аударма)

I
Оба жайлап торықты елім,
жүректі үрей, мұң қаптаған.
Ішінде сан өліктердің
біреуі тым қымбат маған.
Жер алғанмен оның демін,
жасыра алмас сыз жатағы;
оны өртеген жалын менің
жүрегімді мұздатады.

II
Бөліспейді бір жан барып
азапты әсем кескіндегі;
жанары оның нұрдан жарық
сиқырламас ешкімді енді.
Иіскеп сүю - көңілімде,
сезім ғой бұл жат ұқпаған...
Құшсам оның өлігін де,
соның өзі-ақ - бақыт маған.

МИХАИЛ ЛЕРМОНТОВ


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саратовтағы оба өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Саратовтағы оба өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саратовтағы оба өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саратовтағы оба өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері